Түркістан облысында бүгінге дейін «Таза Қазақстан» экоакциясына 352 мыңға жуық адам атсалысты. «Таза өлке» науқанында 4352 шақырым көше бойлары және 120 мың шақырым аяқ-жолдар тазаланды. Бұдан бөлек, 608 шақырым өзен, көпір, су арналары мен 1380 көпқабатты тұрғын үй ауласы тазартылды. Жалпы 1225 тонна қоқыс шығарылды. Ал, «Киелі мекен» апталығында 226 ауқымды іс-шара өткізіліп, тарихи-мәдени орындар тазартылды. Аталған жұмыстарға 22 251 адам, 496 техника тартылып, 1 410 тонна қоқыс шығарылды. Экоакцияның «Жасыл аймақ» апталығында да ауқымды жұмыстар атқарылды.