«Үлгілі аулаға» қатысуға ниеттілер саны күн санап артып келеді. Табиғатқа жанашырлық танытқан келесі отбасы - Үркімбаевтар әулеті. Жасыл желегі жайқалған ауланы тілшіміз өз көзімен көріп қайтқан болатын. Ендеше, әрмен қарай сюжет көрсек.
Жасы алпысты алқымдаған Серік Үркімбаевтың әр таңы ауласын абаттандырудан басталады. Жұмыстан қолы қалт етсе, бақшаға қойып кетіп, ондағы ағаштар мен бақшасына күтім жасағаны жаны сүйеді. Мамандығы ауылшаруашығынан алыс болса да, қызығушылығымның арқасында агроном болып кеттім дейді. Тіпті әрбір өсімдіктің жанын түсініп, ағашпен сөйлесетін көрінеді.