Қоғамдық орында балағат сөз айтып, видеоға түсіп қалған белгілі әнші Қайрат Нұртас жауапқа тартылды. Бұған дейін эстарада жұлдызы қатысқан концерттің видеосы әлеуметтік желі арқылы тарап, желі қолданушыларының түрлі реакциясын тудырған болатын. Онда тыңдармандармен тілдесу барысында әншінің балағат сөз қолданғаны да анық естіледі. ІІМ хабарлауынша, ұсақ бұзақылық үшін оған 20 Айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 73 840 теңге айыппұл салынды.