Елімізде есірткіні пошта арқылы да алдыратындар көбейді. Мәселен, жүрек жұтқан бір азамат Швециядан кәдімгі «Қазпошта» арқылы «гашиш» алдырған. Қаржылық мониторинг агенттігі мен «Қазпошта» акционерлік қоғамының қауіпсіздік департаменті қызметкерлері халықаралық пошта жөнелтілімдерін бақылау учаскесінде есірткі затын тәркіледі. Швециядан алдырған есірткі салынған қорапта 479 граммнан асатын «гашиш» бар болып шықты. Айласын асыра алмаған күдікті қамауға алынды.