Түркістан
EN

Түркістан облысында биыл 29 елді мекенде ауызсу мәселесі толық шешіледі

38
30.04.2024

Түркістан облысында 20 елді мекен ауыз сумен қамтылды. 9 ауылдағы тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылды. Ал былтыр 70 нысанның құрылысына бюджеттен 18,6 млрд. теңге бөлініп, 36 нысан құрылысы аяқталған еді. Сонымен қатар Сарыағаш, Төлеби, Қазығұрт аудандарында су тазалау ғимараты мен су жинау қоймасы, 15 мөлтек ауданда су құбырлары салынды. Осылайша, облыстағы 800-ден астам елді мекеннің 739-ы толықтай таза ауызсумен қамтылды.