Түркістан
EN

Түркістанда ауқымды экологиялық іс-шара өтті

61
29.04.2024

Елімізде республикалық "Таза Қазақстан" акциясы әлі де жалғасуда. Экологиялық шара аясында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды саябақта көпшілікпен бірге көшет екті. 

«Жасыл аймақ» апталығының соңғы күні Түркістанда ауқымды экологиялық іс-шара өтті. Осылайша, тарихи шаһар кезекті рет жасыл желекпен толықты. Онда облыс әкімі тұрғындарды көшет егіп, экобелсенді болуға шақырды. Науқанға медицина, білім, төтенше жағдай өкілдері де қатысты.