Түркістан
EN

Ауыл шаруашылығы министрі Түркістан облысындағы шегірткемен күрес жұмыстарымен танысты

65
29.04.2024

Түркістан облысында алғаш рет зиянкестермен күреске робототехниканы пайдалану жолы таныстырылды. Ауыл шаруашылығы министрлігі шегірткемен “шайқасқа” дрондарды қолдануды қарастырып жатыр. Өңірге жұмыс сапарымен арнайы келген Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров облыс әкімі Дархан Сатыбалдымен бірге үйірлі шегірткеге қарсы күрес жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлермен, Келес және Сарыағаш ауданының тұрғындармен кездесті. Фитосанитариялық шаралардың жүргізілуіне 100-ге жуық техника жұмылдырылады. Биыл облыста зиянкестердің таралу аймағы былтырмен салыстырғанда бірнеше есе ұлғайып, 270 мың гектардан асқан. Күрес жұмыстары жер үстінде бүріккіш техникаларымен, әуеден ұшақпен және ұшқышсыз ұшу аппаратымен өңделеді. Бүгінге дейін облыс бойынша 30 мың гектардан астам алқапта шегірткенің ошақтары химиялық жолмен өңделген.