Түркістан облысында Өзбекстанға қатынайтын 8 кеден бекеті бар. Оның бірі жаяу жүргіншілерге арналған. Бүгінде өңірдегі қапланбек және қонысбаев бекеттерін кеңейту жұмыстары жүріп жатыр. Ол үшін әр қайсысына республикалық бюджеттен 6-7 млрд теңге қаржы бөлінген. Алдағы уақытта бұл тізімге жібек жолы бекеті де қосылмақ. Осыған орай, сенаттың қаржы және бюджет комитетінің депутаттары арнайы шекара келіп, ондағы жұмыс барысымен танысты.