Түркістан
EN

Шардарада батпаққа батқан балықшылар құтқарылды

75
08.11.2021

Күн райының бұзылуынан бір топ балықшы ажал құша жаздады. Оқыс оқиға Көбек ауылында болған. Шардара су қоймасына балық аулауға келгендердің көлігі жағалауда батпаққа батып қалған. Көмекке жеткен екінші көлік оларды тартып шығара алмайды. Сол кезде қатты желден толқын көтеріліп, су жағаға жайылып, көлкіген судың ортасында қалып қойған.

Ауа-райының күрт нашарлап, су бетіне мұз қатуына байланысты құтқару қиынға соққан. Төтенше жағдайлар қызметінің «Уаз» автокөлігі  және 6 құтқарушысы 3 ер адамды жағаға шығарды. Жедел түсірілімнен балықшылардың бақайшағына мұз қатып қалғандығын байқауға болады. Төтеншеліктер балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.