Бородулиха ауданындағы ірі орман өрті оқшауланды

19
26.04.2024 20:54

Абай облысы, Бородулиха ауданындағы ірі орман өрті оқшауланды. Тілсіз жаумен күреске облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен орман шаруашылығының  9 техникасы мен 36 қызметкері жұмылдырылған. Батпақты жер болғандықтан өрт орнына жету қиындық туғызды. Оқиға орнында жедел штаб ұйымдастырылып, қызыл жалынның ауданы анықталып жатыр. Белгілі болғандай өрт қураған ағаштың жоғары вольтті электр желісіне құлауы салдарынан шыққан. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.