Алматыда 3 адамның өмірін қиған автобус апаты: Сот үкімі шықты

22
26.04.2024 20:52

Алматыда үш адам қаза болған автобус апатына қатысты атышулы іске нүкте қойылды. Қоғамдық көлік жүргізушісін соққыға жыққан Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Енді ол жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтейді. Айта кетсек, сот отырысының онлайн трансляциясы Жоғарғы Соттың YouTube-каналында көрсетілді. Ал жол апаты желтоқсан айында Райымбек даңғылының бойында болған еді. №47 бағыттағы қоғамдық көлік жолдың жиегіндегі бір топ адамды қағып өтіп, соның салдарынан үш адам көз жұмған. Тағы төртеуі түрлі жарақатпен ауруханаға түскен. Жүргізуші әйел де солардың қатарында.