Анестезиологтар мен реаниматологтар бас қосты

7
26.04.2024 15:59

Жастар арасында инсульт пен инфаркт алу жағдайлары жиілеген. Оған короновирус пандемиясы себеп болуы мүмкін. Қазақстан Республикасы анестезиологтары мен реаниматологтарының 7 конгресінде осындай ой айтылды. Түркістанда 2 күнге жалғасатын жиында реанимациялық іс-әрекеттерді көрсету және қарқынды терапия жүргізу кезінде туындайтын мәселелер талқыланып, медицинадағы соңғы жетістіктер мен инновациялар таныстырылуда. Толығырақ тілші материалында.