Енді мектептер ескертусіз тексеріледі

10
26.04.2024 12:59

Енді елімізде мектептерді ескертусіз тексеруге болады. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді. Биыл сәуірде әйелдер мен балалардың құқығын қорғап, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін заңға қол қойылды. Заң шеңберінде жоспардан тыс тексеру жүргізу тәртібі өзгерді. Балалардың құқығын қорғау комитеті білім беру ұйымдарына тұрақты негізде тексеріс жүргізеді. Соған сәйкес білім беру ұйымдарында жоспардан тыс ала хабардар етпей және тексеру тағайындау туралы актіні тіркеусіз жүргізуге болады. Бұл норма балалардың құқығы бұзылған жағдайда тексеріске дайындалуға мүмкіндік бермейді, - дейді министрлік. Талапты орындамаған лауазымды тұлғаларға тәртіптік шара қарастырылады.