Атырау облысында жантүршігерлік оқыс оқиға болды. Екі бірдей бала өз үйінде тірідей өртеніп кетті. Оқиға Индер ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Пәтерден өрт шығып, толықтай жанып кеткен. Баспанадан 10 және 7 жастағы балалардың өлі денелері табылды. Сондай-ақ, 28 жастағы балалардың анасы мен 30 жастағы ер адам ес-түссіз күйде аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы оқиға орнынан жанар май иісі бар құты қалдықтарын анықтады.