Түркістан облысының егістік алқаптарына су үнемдеу техникаларын енгізу жұмыстары жүріп жатыр. Аймақ басшысы Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдерін және жауапты мекеме басшыларының басын қосып, мәжіліс өткізді. Суды үнемдеуде ширақтық таныта алмаған өңір басшыларына ескерту жасады. Облыста су үнемдеу техникасын шығаратын зауыт бар екенін алға тартып, бұл салада әлі де жүйелі жұмыс көрмей тұрғанын жеткізді. Биыл аймақтағы 22 мың гектардан аса алқапқа су үнемдеу техникасын жоспарланған. Алайда, бұл техника тек 4 мың гектарға ғана енгізіліпті.