Түркістан
EN

«Алтын Орда және оның мұрасы» атты халықаралық конференциясы өтті

118
25.04.2024

Түркістанда  «Алтын Орда және оның мұрасы» халықаралық конференциясы өтіп жатыр. Оған түркі халықтарының тарихшыларынан бөлек Беларусь, Қытай, Ресей, Моңғолия, Египет пен Катар, Кувейттің белгілі ғалымдары қатысуда. Жиынға арнайы келген ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің сөзінше, еліміздің 7 томдық жаңа хрестоматиясы жазылып жатыр. Бұл басқосудың сол еңбектің толығуына септігі зор. Талқылаулар нәтижесінде қазақ тарихы әлемдік білім ғылымдағы орны айқындала түседі, дейді министр. Оған дәлел, күні кеше қазақ тілі мен әдебиеті пәні Оксфордтың жоғарғы оқу орындарында оқытылатын болды.