Келес ауданында ағасын өлтірген адам ұсталды. Марқұмның жоғалып кеткенін айтып көршісі полицияға хабарласқан. Оның мәйіті үй ауласындағы суы тартылған құдық ішінен табылыпты. Кейін күдікті ретінде оның інісі қамауға алынады.
Енді белгілі болғандай, екі ер адамның арасында жанжал шығып, інісі ағасын өлгенше ұрып-соққан. Қаскөй ауыр қылмысын жасыру үшін мәйітті үйдің ауласында орналасқан құдыққа лақтырып, қашып кеткен. Қазіргі ол қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр