Түркістан
EN

Қызғалдақты қорғау акциясы өтті

200
24.04.2024

Бір құшақ қызғалдақпен суретке түсу үрдісі сәуір-мамыр айларында күрт көбейеді. Биыл да мұндай фотосуреттер әлеуметтік желіде қаптап жүр. Олардың кейбіріне айыппұл салынса, енді бірі ескертумен құтылып кетіп жатыр. Ал мамандар қазақ топырағын масатыдай құлпыртқан қызғалдақты қорғау мақсатында арнайы акция өткізді. Онда табиғат жанашырлары туристер мен мектеп оқушыларына арнайы парақшалар таратып, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндірді. Осы шараға тілшіміз Дамира Сайлауда арнайы барып, дала қызғалдақтарын неге жұлуға болмайтынын анықтап келді.