Түркістан
EN

«Бақты» кеден бекетін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр

97
24.04.2024

Абай облысы Мақаншы ауданында «Бақты» кеден бекетін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-саттықты жандандыру үшін қажет жоба аясында көліктер мен жолаушылар өтетін заманауи терминалдар салынуда. Осыған дейін де жұмыс істеп келген шекаралық дәліздің тиімділігі енді бірнеше есе артпақ. Қазір кеден бекетінде бірқатар нысанның құрылысы жүруде. Мұнда жүк көліктерін тексеретін және жолаушылар мен кәсіпкерлерді өткізуге қажет заманауи терминалдар бұрын болмаған. Құрылыс аяқталған соң Қытай мен арадағы сауда-саттық бірнеше есе жанданады деп болжануда. Осыған дейін бекет тәулігіне бір бағытта 150 адам мен  60 техниканы ғана өткізуге қауқарлы болған. Енді 500 автокөлік пен 1 мың адамға дейін еркін қатынайды, - дейді мамандар. Жоба бойынша шекара өткеліндегі жаңғырту жұмыстары биыл аяқталмақ.