Түркістан
EN

Түркістан облысында салық мөлшерлемесі екі пайызға төмендетілді

85
24.04.2024

Түркістандық кәсіпкерлер үшін сүйінші жаңалық! Бөлшек салықтың арнаулы режимі бойынша салық мөлшерлемесі 2 пайызға төмендеді. Салық мөлшерлемесін төмендету кәсіпкерлер ғана емес, тұтынушылар үшін де тиімді. Себебі салықтың пайызы неғұрлым төмен болса, кез-келген тауар да халыққа соғұрлым қолжетімді болады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жергілікті салық органдары мен кәсіпкерлер палатасының өкілдері мәлімдеді.