Атырауға судың көп бөлігі мамыр айының басында келеді. Бұл Жайық өзенінің арнасынан асуына себеп болуы мүмкін. Бұл туралы облыстық жедел штаб жанындағы зерттеуші ғалымдардың жұмысшы тобының өкілі Арман Жұмағазиев мәлімдеді. Қазір Жайық өзенінің Атырау қаласы гидропостындағы су деңгейі 422 см-ге жетті. Ал өзеннің қауіпті деңгейі 550 сантиметр екен. Атырау қаласындағы Жайық өзені жағалуына 229,6 шақырым бөгет тұрғызылды.