Түркістандық оқушылардың арманы орындалды. Қаладағы Нәзір Төреқұлов мектебінің 11 сынып оқушылары өз аттарынан білім ошағының аумағында саябақ жасады. Бір жағынан Таза Қазақстан эко акциясына үлес қосып отыр. Олар мектеп ғимартының ауласындағы бақшаны түгел жаңартты.
Мектеп маңында өз аттарынан саябақ жасау түлектердің ойында бұрыннан жүрген. Елімізде өтіп жатқан экоакция оқушылардың дәл осы арманын жүзеге асыруға сеп болды. Мектептен түлеп ұшқалы отырған олар, ғимарат маңына роза гүлдері мен жеміс ағаштарын егіп, шағын саябақ жасаған.