Газ құюға тыйым салынады

14
24.04.2024 16:05

Автогаз құю станцияларында тұрмыстық газ баллонды толтыруға тыйым салынды. Бұл жөнінде Төтенше Жағдай Министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бөлімі басшысы Ерғали Мырзахметов облыстық кәсіпкерлер палатасында өткен жиында мәлімдеді. Түркістан қалалық төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері Фурхат Жолдасовтың сөзінше, газ құю бекеттері қауіпсіздік шарасын қатаң сақтауы тиіс. Себебі газ қондырғыларын дұрыс пайдаланбау, ақауы бар газ жүйелерін пайдалану адам өміріне қауіп төндіріп, кей жағдайда өлімге әкеледі.