Түркістан
EN

ДДСҰ үнді вакцинасына рұқсат берді

151
05.11.2021

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Үндістанда жасалған «Коваксин» екпесін шұғыл жағдайларда қолдануға рұқсат берді. Бұл коронавирусқа қарсы қолдануға рұқсат берілген жетінші вакцина.  Аталған  препарат кірісі төмен елдер үшін тиімді, себебі оны сақтау оңай. Және оны 18 жастан асқандарға ғана қолдануға болады. Үндістандық вакцинаның тиімділігі - 78 пайыз.

Салыстыра айтатын болсақ, «Файзер» екпесінің тиімділігі 90 пайыздан жоғары. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қолдаған вакциналар арасында «Коваксинмен» бірге «Файзер», «Модерна», «AstraZeneca», «Джонсон энд Джонсон», «Синофарм» мен «Синовак» бар. Ал «Спутник V» препараты әлі тексерістен өтіп жатыр.