Шымкентте жантүршігерлік жол апаты болды

15
24.04.2024 16:01

Шымкентте ірі жол апаты болып, бір адам қаза тапты. Қала көшелерінің бірінде Mercedes және Daewoo Nexia көліктері соқтығысқан. Жүргізушілердің бірі алдыңғы көлікті басып озу мақсатында қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Алайда содан кейін ол өз көлігін басқара алмай, қарсы бағытта келе жатқан басқа машинамен бетпе-бет соқтығысқан. 26 жастағы Mercedes-Benz жүргізушісі ес-түссіз күйде жансақтау бөліміне жатқызылды. Ал 49 жастағы Nexia жүргізушісі оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Полиция қылмыстық іс бастады.