Қазнетте есірткі сататын 3 ірі алаң анықталды

19
24.04.2024 15:57

Елімізде қаржылық мониторинг агенттігі есірткі құралдары мен прекурсорлардың таралуына қарсы бірнеше әлеуметтік желіге мониторинг жүргізіп жатыр. Тексеру барысында 300-ге жуық арна, тыйым салынған заттар сататын 4 ірі Darknet маркетплейс көзге түскен. Оған қоса, Telegram-да есірткі жарнамалаумен және сатумен айналысқан 80 пайдаланушының жеке басы анықталды. Агенттіктің қызметкерлері есірткі саудасының 50 пайызы еліміздің үш өңіріне тиесілі екенін жеткізді.