22 мың тұрғын сенбілікке шықты

26
23.04.2024 21:50

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткізілген «Киелі мекен» апталығында 226 ауқымды іс-шара өткізілді. Тарихи-мәдени ескерткіштерді абаттандыру жұмыстарына барлығы 22 мың тұрғын атсалысып, 496 техника тартылды. Мәселен, Сауран, Сайрам аудандарында сенбілік өткізіліп, 1 күннің өзінде 570 тонна қоқыс шығарылған.