Тұрғындарының өтініштері тыңдалды

19
23.04.2024 21:47

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов мәселесі бар тұрғындарды қабылдады. Ашық есікте ең көп қаралған мәселе – тұрғын үй кезегі. Қабылдауға келген 11 тұрғынның тең жартысы баспана кезегі жылжымайтынын айтып, шағымданды. Зұлпыхар Жолдасов бұл жүйенің толықтай электронды жүретінін, әрі кезектің заңсыз жылжуы мүмкін емес екенін түсіндірді. Сондай-ақ, жалдамалы пәтерде тұратындарға баспананың 50 пайызы субсидиялау жайы ұсынылды. Ал тағы бір тұрғын Сарыағаш ауданындағы бір мөлтекауданның мұңын арқалап келіпті. Олар 10 жыл алдын алған жерінің мемлекеттік актісін ала алмай жүр. Мұндай 300-ге жуық азамат бар. Мән жайды анықтай келе, бұл жер заңсыз сатылғаны белгілі болды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары жауаптыларға мәселені толықтай шешуді тапсырды.