271 мың астам жануарға вакцина егілді

18
23.04.2024 21:46

Соңғы екі жылда Түркістан облысында құтыру ауруы тіркелген жоқ. Дегенмен осы жылдың алғашқы 3 айында жануарлардың тістеуінен, тырнап, сілекейленуінен зардап шеккен 1297 адам медициналық көмекке жүгінген. Бұл туралы сала мамандары брифинг барысында мәлім етті. Биыл облыс бойынша құтыру ауруына қарсы  жануарлардың 906 мың  басына профилактикалық іс-шара жоспарланған. Қазіргі таңда 271 мың астам жануарға вакцина егілді. Сондай-ақ, сала мамандары облыс аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын азайту үшін  кастрациялау және стерилизациялау жұмыстарына қаржы бөліп отыр. 2024 жылы облыстық бюджеттен 88 млн  теңге қаржы 41,3 мың қаңғыбас ит пен  мысықтарды аулап жоюға бөлінген.