Түркістан
EN

Түркістан облысының спортшылары СҚО-на гуманитарлық көмек жіберді

27
23.04.2024

Қарғын судың астында қалған ауылдарға ағылған халықтың көмегі тоқтаусыз жалғасып жатыр. Түркістан облысының спортшылар да сүрінгенге сүйеу, құлағанға демеу болып, жұдырықтай жұмылған бірлігімізді көрсетуде.

Олар азық-түлік, сусын, көрпе-төсек, тұрмысқа қажетті құрал-жабдықтарды жинаған. Гуманитарлық көмек тиілген жүк көлігі Солтүстік Қазақстан облысына жолға шықты.