Түркістан
EN

Министрлік бензиннің қымбаттау себебін анықтап жатыр

148
05.11.2021

Елімізде бензиннің қымбаттауына негіз жоқ.  Бүгін Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев осылай деді. Сала басшысының сөзінше, ай сайынғы тұтыну көлемі - 50 мың тонна. Сұранысты толық қанағаттандырып отырмыз дейді ол. Бірақ басқа жанар-жағармай түрлерінің қымбаттауы жалғасып жатыр. Бензин бағасы кейінгі күндері 3 теңгеге өсті.

Мырзағалиевтің айтуынша, бұл жағдайға не себеп болғаны белгісіз. Мәселені анықтау үшін министр алдағы күндері өндірушілермен және жанар-жағармай станциясы өкілдерімен кездеспек.