Түркістан
EN

Әжелер экоакция аясында гүл екті

54
23.04.2024

6 сәуірде басталған экоакция жалғасуда. Бүгінде республикалық науқанның үшінші аптасы жасыл аймақ деп аталады. Оның барысында көшеттер отырғызылып, ағаштардың түптері әктелетін болады. Игі бастамаға жас баладан, еңкейген қартқа дейін үлес қосып жатыр. Осы ретте, Түркістан қаласының әжелер алқасы да гүл екті. Олар шетелден әкелінген өсімдіктерді отырғызды. Гүлдің дәл бұл түрін егудің басты себебі ол ұзақ өмір сүреді екен. Ең кемі 200 жыл жайқалып тұрады.