Шомылу маусымы басталмағанына қарамастан, облыста жыл басынан бері 9 адам суға кеткен. Өкініштісі, оның 7-і балалар. 3 -і каналға батып кетсе, 4 бала үй ауласындағы шұңқырға түсіп кетіп, қайтыс болған. Соған сәйкес, облыстық мәслихаттың шешімімен облыс аумағында шомылуға қауіпті 111 учаске бекітілді. 370 жерге шомылуға тыйым салу белгілері орнатылды. Мамандар шомылу маусымы басталмай тұрып, өңір тұрғындарына түрлі түсіндірме жұмыстарын бастады. Айта кету керек, облыс аумағындағы каналдардың бойынша түгел қоршау қойылады. Бұл туралы облыстағы Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Дүйсен Оразгелді айтты.