Түркістан
EN

Экологиялық жағдай қатаң бақылауда

78
23.04.2024

Түркістан облысында экологиялық жағдай бақылауда. Осыған байланысты, өткен жылы өңірде 414 бейберекет қоқыс орны анықталып, толықтай тазалау жұмыстары жүргізілген. Биыл да мұндай жұмыстарды күшейту керек. Бұл туралы  өңір басшысы Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды. Облыс әкімі жауаптыларға тиісті тапсырмалар беріп, қатты қалдықтар тастайтын қоқыс полигондарын реттеуді және моншалар мен нысандардан шығатын кәріз суының мәселесін түбегейлі шешуды тапсырды. Жиында  экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұржас Нұрболат баяндама жасап, аймақтағы экологиялық жағдайға әсер ететін обектілерді атады.