Түркістан
EN

Су тасқынынан зардап шеккендерге бөлінген ақша желінген

106
23.04.2024

Гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген  қаражаттың 1 миллиард теңгесі жымқырылған. Қаржылық мониторинг органдары Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында жымқыру белгілері бойынша төрт іс қозғады. 5 адам күдікті деп танылды.  Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен су тасқыны салдардын жою үшін Үкімет, квазимемлекеттік компаниялар, кәсіпкерлер, қоғамдық қорлар 140 млрд теңгеден астам қаржы бөлген болатын. Агенттік бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын тексеріп, бақылауда ұстамақ.