Түркістан
EN

Суға кеткен құлындарды құтқарды

91
23.04.2024

БҚО-да түркістандық құтқарушылар суға батқан құлындарды құтқарды. Ақжайық ауданының Бударин ауылында жүрген төтеншеліктер жануарларды дер кезінде байқап, қауіпсіз жерге шығарған. Айта кетсек, мамандар Орынбор жақтан ағып, Жайық өзеніне құйылатын су көлемінің біртіндеп азаюы байқалады деп отыр. Дегенмен қауіп сейілді деуге ерте екенін айтады. Ресми мәліметтерге сүйенсек, облыста 116 саяжайды су басқан.