Енді блогерлердің құмар ойын түрлерін жарнамалауына тыйым салынады. Аталған заң жобасын Мәжілісте депутат Елнұр Бейсенбаев таныстырды. Оның айтуынша, жарнама тек спорттық бағыттағы сайттар, телеарналар мен спорттық іс-шараларда ғана рұқсат етіледі. Сондай-ақ ойында бәс тігу жасы 21 жастан 25 жасқа дейін көтеріледі. Өтелмеген алименттік және несиелік қарызы бар азаматтардың құмар ойынға бәс тігу мүмкіндігі шектеледі. Ал заңсыз лотоматиктер мүлдем жойылады. Балалар, білім беру, медициналық, діни және діни ұйымдар орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттарда лотерея билеттерін таратуға және лотерея терминалдарын орнатуға тыйым салынады.