Отырар ауданындағы Көкмардан жалпы орта мектебінің оқушылары су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жылу жіберді. Балалар қаржы жинау үшін жәрмеңке ұйымдастырып, қоңырау кезінде бәліш пен түрлі тәттілер сатқан. Үзілісте үлкен іс жасап үлгерген оқушылармен тілшіміз тілдесіп қайтты.