Су басқан аймақтарға гуманитарлық көмекті енді дрондар жеткізбек. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Америкадан арнайы құрылғалардың 3 данасын сатып алды. Олар 10 шақырым радиуста салмағы 30-40 кг жүкті көтере алады. Күніне 100 рейс орындауға қауқары бар. Қанатты көмекшілер шалғайда жатқан елді-мекендерге азық-түлік, дәрі-дәрмек пен басқа да өмірлік маңызы бар заттарды тасымалдамақ. Сонымен қатар бұл дрондар арқылы су сынамаларын алуға болады.