Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар күрежолдарының бойынан жыл басынан бері мың тоннадан астам қоқыс жиналған. Күні кеше 20 шақырымның өзінен 50 қап қоқыс жинаған жолшы мамандары көлік жүргізушілері жолда жиі ластайтынын айтады. Бұл - елімізде өтіп жатқан жаппай экоакция аясында ұйымдастырылған сенбілік. Сала мамандары көлік жүргізушілерін қоқысты арнайы бөлінген орындарға тастауға шақырады.