Тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету әлі де жалғасуда. Ел су тасқыны салдарын бір атаның баласындай еңсеріп келеді. Түркістан облысының азаматтары қызыл су алған аймақтардың бәріне қол ұшын созып келеді. Бүгін де облыс орталығынан азық-түлік, киім-кешек, тұрмысқа қажет барлық заттар тиелген жүк көлігі Петропавл қаласына жолға шықпақ. Дәл қазір сол қанша күннен бері көмек жиналған облыстық жастар орталығының алдында біздің тілшіміз де жүр. Шынар, бұл жолы су тасқынынан зардап шеккендерге қол ұшын созып жатқан кімдер?