Түркістан
EN

Марокко шегірткесіне қарсы күрес жүруде

101
22.04.2024

Түркістан облысында аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары басталды. Жолындағының бәрін жайпап, малға азық қалдырмайтын аса қауіпті зиянкестердің негізгі ошағы бұрын Арыс, Сарыағаш, Келес аудандары болатын. Соңғы жылдары бұл жәндік Бәйдібек, Ордабасы, Қазығұрт, Төлеби, Сауран, Шардара және Отырар аудан шаруаларына да тыныштық берер емес.