7 адам қаза тауып, 4 адам із түссіз жоғалды. 119 мыңға жуық адам эвакуацияланған. 27 наурыз күні басталған су тасқыны әлі де қауіпті. Қазір Қазақстанның 10 облысында төтенше жағдай жарияланған. Табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккендерге көмек тек қазақстандықтардан ғана емес сондай-ақ алыс жақын шет елдерден келуде. Мәселен Тәжікстан Республикасынан 56 вагон, 15 фура гуманитарлық көмек келді. Азық-түлік, қажетті заттар Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның бастамасымен жөнелтілді. Жалпы жүк көлемі - 3,5 мың тоннаға жуық.