Еліміздегі су тасқынынан келген материалдық шығынның өтемақы көлемі 565,7 млн теңгеге жетті. Бүгінде табиғаттың тосын мінезінен 5 862 жеке тұрғын үй, мыңнан аса ауланы су басты. Одан бөлек 44 елді мекен тұрғындары көлік қатынасынсыз отыр. Аймақты құрғату үшін тағы да техника керек. Шымкенттік тұрғындар осы үшін су тартуға арналған жабдықтар бар гуманитарлық көмек жинады. Қажетті құрылғылар қай облысқа жөнелтілді? толығырақ Нұрдәулет Сыздық баяндап берсін.
Гуманитарлық көмектің ішінде су тартуға арналған мотопомпа, резина қайықтар мен, автономды электр қуатын өндіруші құрылғылары бар. Жиналған тауар Оралға жөнелтілді. Сондай-ақ тағы 10 тұрғын жолға шықты. Олар 10 күн бойы су тасқынынан зардап шеккендерге ас ауқатын әзірлеп, басқа да көмек түрлерін көрсетеді.