Көне жәдігерлер жинақталған бұл орталық Әлия Молдағұлованың атымен аталады. Батырдың 80 жылдың мерейтойы қарсаңында салынған ғимарат 2 қабаттан тұрады. Онда Әлияның балалық шағынан соғыс кезіндегі естеліктеріне дейін бар. Патриоттық тәрбие беру нысаны Ақтөбе облысынан 70 шақырым жердегі батыр қыздың туған жері Қобда ауданында орналасқан. Мұражайдың негізгі мақсаты мерген қыздың ерлік жолдарымен таныстыру. Тағы бір айта кететін жайт, 2025 жылы Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына орай республика көлемінде іс-шара ұйымдастыруды жоспарлап отыр.