Шардара ауданында жарты ғасырға жуық тазаланбаған су жүйелері бар. Сондықтан каналдардың табаны саз батпаққа толып қалған. Салдарынан жерасты сулары шайылмай, егіс алқаптарын сор басты. Мыңдаған гектар суармалы жер осылайша көзден ұшқан бұлбұлдай кәдеге жарамай, шаруалар қолда бар жерден өнім ала алмай отыр. Тақырыпты толығырақ әріптесім тарқатып айтсын!
Шардара ауданындағы су арналарының дені мүлдем тазаланбаған. Салдарынан егістік жердегі жер асты сулары дұрыс шайылмай, сор басып жарамсыз күйге түскен. Мыңдаған гектар суармалы жер осылайша қолданыстан шығып, шаруалар шығынға батып отыр. Бұл мәселені аймаққа арнайы сапармен барған облыс әкімімен кездескен ауыл тұрғындары жеткізді.