Елімізге келген табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету өз деңгейінде жүргізулде. Ауыл аймақтағы жәрдемнен өзге алыс жақын шет елден де қол ұшын созғандар бар. Осы ретте, Өзбекстан Республикасынан 15 жүк көлік гуманитарлық көмек келді. Оны Түркістан облысының бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов пен Келес ауданының әкімі күтіп алды.