Түркістан
EN

122,6 мың жұмыссызға төлемақы төленеді

203
20.04.2024

 1 сәуірдегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 122,6 мың адамды құрады. Бұл ретте биыл 66,8 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 18,3 млрд теңге болды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.