Түркістан
EN

Ғалым: "Шіркейден құтылу мүмкін емес"

1118
20.04.2024

Көктем шыға су арнасы бойын жағалай қоныстанған халықтан маза кетеді. Себебі қыс бойы ұйқыда жатқан шіркейлер оянып, адам түгілі үй жануарларының тіршілігіне зиян келтіреді. Әсіресе үлкен өзен-көл маңындағы халық зардап шегіп отыр. Сондықтан былтыр сәуірде бірақ басталған дезинсекция жұмыстарына жауапты мамандар биыл ертерек кірісіпті. Одан нәтиже қандай болмақ? Сюжетті көрейік!

Зиянкестердің соңғы 5 жылда өзен-көл маңында көбейіп кетуін шіркейге таланған халық негізінен «Көксарай» су қоймасының салынғанымен байланыстырады. Алайда, ғалымдар мәселенің тек су реттегіште емес екенін айтуда. Себебі Сырдария өзені бойында шіркейдің 8 түрі бұрыннан болған. Алайда, олардың белсенділігі соңғы жылдары байқала бастапты. Бұл туралы салада зерттеу жүргізетін еліміздегі жалғыз маман Қаршыға Көшкімбаев айтады.