Өңір басшысы Дархан Сатыбалды «Шебер» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің Шардара ауданы, Алатау батыр ауылдық округіндегі кезекті тігін фабрикасына барды. Өндіріске кәсіпкер Омар Әсенұлының жеке инвестициясы есебінен 350 млн. теңге тартылған. 150 адам тұрақты жұмыспен қамтып отырған фабрика еліміздің көптеген облыстарын аяқкиім, киім-кешек, көрпе-төсек, мектеп киім үлгісі, әскери киім тігіп, жөнелтеді. Жұмыскерлер 80-200 мың теңге аралығында айлық алады. Негізінен тапсырыс берушілер – ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен мұнай компаниялары. Аймақ басшысы жауапты сала мамандарына кәсіпорындарды көбейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы халықтың әлеуметтік осал топтары мен жастардың әлеуметтік жағдайын көтеруді тапсырды.